Қазақстандық фотограф тау бөктеріндегі бәйшешектерді суретке түсірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.
Фотограф Дмитрий Доценко Алматыда тау бөктеріндегі бәйшешектердің гүл жарған сәтін суретке түсіріп алған.
Бұл шафран гүлі «Қызыл кітапқа» енгізілгендіктен оны жұлуға немесе таптауға болмайды."Жыл сайын Алатау шафранын суретке түсіремін және әрдайым әртүрлі шығады. Бұл жолы қар мен мұз арасынан гүлдеген бәйшешектерді түсірдім. Нәзік гүлдің жылу мен күнге қалай жол табатыны таңқаларлық", — деп бөлісті Дмитрий Доценко Instagram парақшасында.
Related news
Baimenov: Kazakhstan and Khabar public TV channels should be transformed into public television corporations