ШҚО-да астық тиелген элеватор өртенді

1987
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/photo-output-7.jpeg

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылында астық тиелген элеватор өртенді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін, 8 наурызда болған.

«Өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді

құрады. Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған. Төтенше жағдайдың алдын ала себептері — ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау және технологиялық процесті бұзу»,—делінген хабарламада.

Comments