Алматылық дәрігерлер екі науқасты сал болып қалудан құтқарған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.
"Отаның қиындығы — ісіктің жұлынның сыртында емес, ішінде орналасуында болды. Жұлынның өзіне зақым келтіру қаупі жоғары еді. Құдайға шүкір, екі операция да сәтті өтті және әрқайсысы шамамен 3,5 сағатқа созылды. Бұл оталарды жасау барысында біз өз қозғалысымызды бақылау және жұлынның сау бөліктерінің зақымдануын болдырмау үшін нейромониторлар мен нейронавигациялық жүйені қолдандық", - дейді нейрохирург Марат Алматов.