22 наурызға — 22 мың 222 доллар. Павлодар 2 әншіні Наурызға шақырды

2734
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/photo-output-9.jpeg

22 наурызда Павлодардың орталық алаңында белгілі әншілер Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас ән айтады. Олардың өнер көрсетуіне 10 млн теңгеге жуық бюджет қаржысы жұмсалмақ, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның айтуынша, қаражаттың негізгі бөлігі әртістердің ақысына

кеткен.

«Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың өнер көрсетуі қымбат екенін бәріңіз білесіздер. Оларға жұмсалатын қаражат – 10 миллион теңге»,—деді ол.

Айта кетейік, 10 млн теңге қазіргі бағамға шаққанда шамамен 22 мың 222 долларды құрайды.

Comments