Шекарадағы кезек. Қазақстан мен Қырғызстан арасында көлік кептелісі орын алды

2162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/shekaradaғy-keptelis.jpeg
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тағы да көлік кептелісі орын алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі kaktus.media-ға сілтеп. «Ақ-Тілек» бақылау-өткізу бекетінің маңындағы айналма жолда кезек пайда болған. Жағдай ауа-райының қолайсыздығына байланысты қиындап кетті. Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі жүк көліктерінің жиналуы жүк тасымалының артуына байланысты деп есептейді. Сондай-ақ, екі елдің шекара қызметтері жүк көліктерінің өтуіне ешқандай шектеулер жоқ екені атап өтті.
Comments