Түркияда алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.
Қазақстан азаматы Түркияда қолға түскен.
"Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді. Әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған", - делінген хабарламада.Қазір күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Related news
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge
