Іс-сапармен. Президент су тасқынынан зардап шеккен бір өңірге барады

1632
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/4f6724b7-9e00-484e-968c-2000ce01f39d-960x500.jpg?token=615a55e7a681327d94a11815ad6c9ad6
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні жұмыс сапарымен су тасқынынан өңірлердің біріне бармақ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", – деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі 5 облыста әлі де су басу аймағында екенін атап өткен болатын.
Comments