Анасы ұсталды. Қарағандыда екі бала өлі табылды

2199
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9

Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 4 сәуірде болған. Екі және төрт жасар екі баланың денесі Бұқар жырау ауданындағы шағын ауылдағы үйлердің бірінен табылған.

«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды»,—деді полиция департаменті.

Қылмыстық іс Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа ақпарат жария етілмейді.

Comments