Республикалық маңызы бар 14 жол жабық тұр

1677
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/su-tasқyny-aқtөbe-kөshe-960x500.jpg?token=bb638219a1c0ba0bfb44c08af85cd201

Республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында су тасқынына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл тураляы “ҚазАвтоЖол” жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында (ұзындығы 679 км) қозғалысқа шектеу қойылды", - деп жазылған хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, 8 сәуір сағат 07:00-дегі жағдай

бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3206 метр жолды су басқан.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмыс істеп жатыр.

Comments