Қазақ мұнайының экспорты. КҚК құбырымен мұнай тасымалдау тоқтатылды

1905
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-10-at-12.00.58.jpeg
Магистральдық құбырмен мұнай тасымалдау 3 күнге тоқтатылды, деп хабарлады "Адырна" тілшісі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) телеграм арнасына сілтеп. 9 сәуірде Каспий құбырымен консорциумы магистралдық мұнай құбыры нысандарында ағымдағы жөндеу басталған.
«Каспий құбыр консорциумы 9 сәуірде Теңіз-Новороссийск магистральдық мұнай құбыры нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісті. Мұнай құбырының 72 сағатқа тоқтатылуы жылына кемінде екі рет болады. Оның кестесі барлық жүк жөнелтушілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен алдын ала келісіледі», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қазір Теңіз терминалында мұнай жөнелту тоқтатылған. Ал оны 11 сәуірде қайта бастау жоспарланып отыр.
Comments