Су тасыған Қызылжарда су жоқ

1351
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2875.jpeg

Петропавлда су беру тоқтап қалды. Бұл туралы «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры Арман Саутов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін сағат 9:55-те бірінші көтергіш сорғы станциясында электр энергиясы апаттық жағдайда сөнді. Қазіргі уақытта мұнда электрмен қамтушы компания қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сорғы станциясына электр қуаты берілісімен-ақ, Петропавлды сумен қамту қалпына келеді. Барлық әлеуметтік нысандарға суды жеткізіп береміз.  Облыс орталығының тұрғындарынан дүрбелеңге салынбауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер», - деді  ол.

 
<
Comments