Айыппұл және бас бостандығынан айырылу. Фейк ақпарат таратқандар қандай жазаға тартылады?

2024
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_1757.jpeg
Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға арнайы қылмыстық норма мен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды “Адырна” порталы. Бұл туралы  Tengri Life-қа Надежда Гельдт айтып берді.
Фейк ақпарат (жалған) – азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүддесіне, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне елеулі зиян келтіретін, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат. "ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату 1000 АЕК-ке (3,6 миллион – еск.) дейінгі мөлшерде айыппұл салуды қарастырады немесе 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру", – деп бөлісті заңгер. Егер фейк бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері және онлайн платформалар, яғни әлеуметтік желілерді пайдалана отырып таралса, онда жаза мынаны көздейді: Маман төтенше жағдай кезінде, ұрыс жағдайында, соғыс уақытында немесе бұқаралық іс-шаралар кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді. Айыппұл көлемі ҚР заңнамасына сәйкес қабылданған: "Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жаза тағайындалады, бұл не айыппұл, не түзеу, не қоғамдық жұмыстар, не шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иесінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен жалған мәліметтерді орналастырғаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген", - дейді  "Право знать" телеграм-арнасы авторы.
Comments