Қазақстанда су тасқынынан қаза тапқандардың саны қанша? Бұл сұраққа бүгін, 18 сәуір сенат отырысында ішкі істер министрінің вице министрі Марат Қожаев жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Бұл мәліметтердің бәрі БАҚ-та жарияланды. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, ал Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Ал осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу жүріп жатыр", – деп жауап берді Марат Қожаев журналистердің сұрағына.
Одан бөлек, журналистер Абай облысының Аягөз ауданында 2 адам тракторға батып кеткен оқиғаны еске салды.
"Бұл фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу қорытындысына сәйкес шешім шығарылады", – деді вице-министр.
Осылайша, ішкі істер министрлігі Қазақстанда су тасқыны салдарынан 7 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
