Бишімбаевтың көріпкелі тікелей эфирде бейнесін көрсетпеуді сұрады

1654
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2230.jpeg
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айып тағылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың оқиға кезінде көмекке жүгінген көріпкелі Гүлнар Ережепова өз куәгерлігін желіде және БАҚ-та көрсетпеуді сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Көріпкел желіде тарайтын ақпараттық қысымға қарсы екенін айтқан. Айыптаушы тараптан прокурор Айжан Аймағанова куәгерлік беретін көріпкел Ережепованың бет-бейнесін көрсетуге қарсы екенін жеткізді. Судья Айжан Құлбаева сот отырысына қатысушылардың пікірін біліп, куәгердің бетін эфирге шығармай-ақ жауап беруге келісті.
Comments