Футболдан Өзбекстан құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

2053
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/futbol-өzbekstan-құramasy.jpeg
Өзбекстан жастар құрамасы Катарда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Азия чемпионатында Индонезия құрамасын жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Спорт бәсекесі 15 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтті. Өзбекстанның Олимпиада құрамасы индонезиялық қарсыластарын 2:0 есебімен ұтып, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болды. Азия кубогында Өзбекстан 14 гол соғып, 0 гол жіберіп, 5 жеңіске жеткен. Финалда команда Жапония-Ирак жұбының жеңімпазымен ойнайды. Финалдық кездесу 3 мамырда өтетіні хабарланды.
Comments