Талдықорғанда көлікті өртеген күдікті ұсталды

2101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/0dcf3d07-5f6f-4832-8249-85d0f1cb4cfd-960x500.jpeg?token=85e75f4405234674be3fa82d7382fda0
Жетісу облысында полицейлер көлікті өртеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 22 сәуірге қараған түні Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде белгісіз адам автокөлікті өртеп жіберген болатын. Облыстық ПД іске қатысты мәлімдеме жасады.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорғанның жедел уәкілдерімен бірлесіп, көлікті өртеген, бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады", - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Қазір күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Comments