Төтенше жағдайлар министрлігі өртке байланысты оқу-жаттығу өтеніні мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
15-16 мамырда елімізде "Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өтуіне байланысты алдын алу шаралары өтпек. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Абай облысында орналасады. Нақтырақ, "Семей орманы" МОТР" РММ-нің Бородулиха филиалы аумағында өтеді.
Сол себепті ел аумағында дабыл іске қосылады.
"15 мамырда сағат 12.55-те оқу-жаттығу аясында Астанадан басқа, еліміздің барлық аймағында ескерту жүйесін тексеру жоспарланған", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
