Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шығып, қоғамдық көлік жүргізушісі жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Алматы қалалық полициясы хабарлады.
Оқиға 10 мамыр күні кешкі уақытта болған. Жандосов көшесі мен Рысқұлова даңғылының қиылысында жүргізуші №52 автобусты жөндеп жатқан.
Тергеу деректері бойынша, 58 жастағы Д деген азамат К-мен жанжалдасып қалған. Артынша жанжал ушығып, Д есімді азамат К. есімді 66 жастағы автобус жүргізушісіне пышақ жарақатын салған.
Полиция өкілдері күдікті ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді. Оның үстінен суық қару қолдану арқылы бұзақылық жасау фактісі бойынша іс қозғалған.
Құқық қорғау органдарының өкілдері оқиғаға қатысты қосымша мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival