Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин аймақтағы коммуналдық желілердің 90 пайыздан астамы тозып тұрғанын мәлімдеді. Әсіресе кәріз жүйесіндегі коллектор жедел жөндеуден өтуі қажет. Сол себепті 14 мамырдан бастап техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды.
"Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ержан Салханов техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы болып тағайындалып, оған төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын", – делінген әкім қаулысында.
Related news
The situation is getting worse". The XXI meeting of the Congress of Leaders of World and Traditional Religions has started in Astana