Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қолғабы мен теннисші Елена Рыбакинаның теннис добы Алматы қаласында аукционға қойылады. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Аукцион Алматы қаласында 1 маусым күні өтеді. Онда Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғабы сатылады.
Бұл қолғапты отандасымыз Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шыққанда киген.
Сондай-ақ теннисші Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добы мен арнайы спорттық формасы да аукционға шығарылады.
Аукционнан түскен ақша көмекке мұқтаж егіздердің еміне жұмсалады.
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз