Әскери оқу орындарының үздік түлектері Президент қолынан шен алды

1685
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/whatsapp-image-2024-06-04-at-13.14.52.jpeg
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектері Президенттен офицерлік шен алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп. Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан шен алды.
ҚР ҚМ С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер әскери институты: 1. Асылбеков Иманжүсіп Асылбекұлы; 2. Алпысбаев Бауыржан Ақылжанұлы; ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты: 3. Дайырбай Бекжан Мұратұлы; 4. Омаров Диас Бейсенгелдіұлы; ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы: 5. Төтен Ернұр Жанатұлы; ҚР ҰҚК Академиясы: 6. Жұмабек Нұрахмет Шаяхметұлы; ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы: 7. Жанатбай Санжар Жандарұлы; 8. Сорокина Александра Максимовна; ҚР Ұлттық ұлан академиясы: 9. Ағыбаев Тимур Бауыржанұлы; 10. Жеңіс Жалғас Төлегенұлы; ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы: 11. Жігербаев Ернар Азаматұлы; 12. Еркенов Диас Серікұлы.
Comments