Түркістанда үш қызды зорлаған педофил 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Жаға ұстатарлық жайт осыдан екі жыл бұрын Отырар ауданы Арыс ауылында болған. Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған. Оқиғаның қалай болғанын жеткіншектердің өздері айтып берген.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған», – дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Related news
Cultural scientist: Dimash Kudaibergen should be awarded with the title of "Hero of Labor of Kazakhstan"!
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States
