Атырауда шетелдік азаматтың көлігі өртенді

2226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/whatsapp-image-2024-06-09-at-12.56.18.jpeg
Атырау облысында шетелдіктің көлігі жанып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Өзбекстан азаматтары мінген көлік өртеніп, азаматтардың өміріне қауіп төнген. Оқиға 8 маусым күні болған.
"Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.
Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті.
Comments