Қарағандыда бес адамның өмірін жалмаған жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 8 маусымға қараған түні болған.
Жол апатына қатысты деректер Patriot Telegram-арнасында хабарланды. Қайғылы оқиға Абай қаласы мен Дубовка ауылы арасындағы тасжолда болған. Сағат 22:23-те Қызылорда – Павлодар тасжолының 931-шақырымында Audi, Chevrolet Cobalt, Toyota Previa маркалы үш көлік соқтығысқан.
Оқиға орнында бес адам, Cobalt автокөлігінің төрт жолаушысы мен 22 жастағы жүргізушісі көз жұмды.
Одан бөлек, екі адам жол апатынан кейін ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың жағдайы ауыр.
Related news
"I will stop the Nazarbayev clan": Hasen Kozhakhmet announced that he wanted to become the President of the Republic of Kazakhstan
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".