Қазақстанда орануға тыйым салатын заң жобасы қаралып жатқан жоқ - депутат

2556
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/baaefc60-5d9a-4cf3-9dd6-ff1938a094cf-960x500.jpeg?token=60864ef58352edeb84f8e1a0c17dbe8f
Қазақстанда орануға тыйым салатын заң жобасы Мәжілісте қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
Мәжіліс кулуарында журналистер сауалына жауап берген ол қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбайтынын айтты.
«Жалпы Қазақстанда әрбір діни-наным сенімге толығымен еркіндік берілген. Ермұрат Сейтқазыұлының ол жеке пікірі ғой. Хиджаб, никабқа қатысты мәселе бізді қарастырылып жатқан жоқ. Одан да басқа маңызды мәселе бар ғой», - деді Елнұр Бейсенбаев.  
Comments