Украина бас прокуратурасы журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінген Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаевқа халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Украина Бас прокуратурасының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, екі қазақстандық журналист Айдос Садықовты өлтірмек болды деген күдікке ілінген. Оларға халықаралық іздеу жарияланды. Екеуі де адамдар тобының тапсырысы және алдын ала сөз байласуы бойынша қасақана кісі өлтіруге оқталды деп күдікке ілінді.
"Бұған дейін екі ер адамның Украинада босқын мәртебесі бар журналисті өлтіру бойынша әрекетті мұқият жоспарлағаны анықталды. Күдіктілер Украина аумағына 2 маусымда Польша-Украина шекарасынан өтіп келген. Киевте олар пәтер жалдап, көлік сатып алған. Олар жәбірленушіні біраз уақыт зерттеп бақылаған.