Шағым түскен ресейлік желінің дүкендері Қазақстанда ашылуы мүмкін

2524
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_7100-960x500.jpeg?token=748b77f7621be8b5764322f5c024e9e7
Қазақстанда тағы бір Ресейлік дүкендер желісі ашылмақ, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ura.news-ке сілтеп. «Жизньмарт» тағам және дайын азық-түлік дүкендерінің желісі пайда болады. Бұл туралы компания басшысы Иван Зайченко мәлімдеді. Ол 2023 жылдың басында Астана мен Алматы қалаларында бірнеше дүкенді ашуды жоспарлаған. Алайда дүкен иесінің сөзінше мамыр айында ”Роспотребнадзорға” (ред. - Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті) 13 маусымда жедел ішек инфекциялары туралы дүкен тұтынушыларынан 18 шағым түскені хабарланған. Дүкендер желісі уланған тұтынушыларға 1 миллион рубль төлеуді жоспарлаған. Алайда, шағымдардың көптігінен дүкен жәрдемақы төлемеген. Иван Зайченконың айтуынша, Екатеринбургтің кейбір тұрғындары ауру жұқтыру үшін дүкен сөрелеріндегі жұмыртқаларды әдейі жалай бастаған.
Comments