Интернет алаяқтық – интернет ресурстары арқылы (Olx, WhatsApp, Instagram, Telegram және т.б) адаммен бетпе-бет кездеспей, сеніміне кіріп, алдау арқылы ақшасын иемденіп, артынан ізін суыту. Пандемия кезінде интернет арқылы алданғандар саны 2 000 000-ға жеткен. Одан бері бұл көрсеткіш өсіп келеді.
Жалпы қазіргі таңда алаяқтықтың ең кең тараған түрі бұл – интернет алаяқтық болып отыр. Бұл жағдайда алаяқты ұстау оңай емес. Себебі, алаяқтық іс-әрекет жүзбе-жүз емес, интернет желісі арқылы жүзеге асатындықтан оларды қолға түсіру қиын.
Ақпараттық технологияның кең дамыған заманында, қолында смартфоны бар кез келген адам алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Олардан сақтанудың ең негізгі тәсілі жеке деректерді оңды солды тарата бермеу!
«Өзіңіздің ұялы телефоныңызға немесе дербес компьютеріңізге басқа біреулердің айтуымен Skype, Anydesk сияқты қосымшаларды орнатуға болмайды, сол арқылы алаяқтар сіздің қаражаттарыңызды жымқыруы мүмкін. Тағы да банк картасының нөмірі, алдындағы он алты саны және де артындағы үш саннан тұратын CVV кодты ешкімге ешқандай жағдайда айтуға болмайды! Тіпті картаның жарамдылық мерзімі туралы да айтпаған жөн!» дейді мамандар
Бүгінде алаяқтың қулығына құрық бойламайды. Күн өткен сайын олар жаңа айла ойлап табуда.
Алаяқтар қалай алдайды?
- Фишинг – адамдардың жеке мәліметін ұрлау арқылы
- Егде жастағыларды сеніміне кіріп, зейнетақысын жымқыру
- Қайырымды істің атын жамылып, ақша жинап жұртты алдау
- Жұмысқа орналастырамын деп, ақша сұрап, артынан сатып кету
- Жоқ пәтерді жалға беру
- Құпиясөздерді қиындатыңыз!
- ЭЦҚ-ны ешкімге бермеңіз!
- Бөтен азаматтардан келген электрондық хаттарды ашпаңыз!
- Ғаламторда өзіңіз туралы аз ақпарат беріңіз!
- Маңызды деректердің көшірмесін жасатып алыңыз!
- Күдікті сайттарға өтпеңіз!
- Күмәнді сайттарда өзіңіздің жеке деректеріңізбен бөліспеңіз!
- Тауардың бағасы төмен жарнамаларға сенбеңіз!
- Кредит делдалдарына сенбеңіз!
Айгүл Мұратқызы