Бүгін, 27 маусым таң ата Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаз өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала бар. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.Related news
"I will stop the Nazarbayev clan": Hasen Kozhakhmet announced that he wanted to become the President of the Republic of Kazakhstan
