Алаяқтар әйел адамды 12 миллион теңгеге алдап кеткен

1856
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/kisen-960x500.jpeg?token=44ca03ed889b9d307328ba34a05c36c6
Түркістанда мемлекеттен грант алғысы келген әйел алаяққа алданған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Алаяққа алданған әйел мемлекеттен тегін әрі қайтарымсыз грант алғысы келген. Жәбірленушіге жергілікті тұрғын 12 миллион теңгеге тегін грант алып беруге уәде берген. Алайда ақшаны алған "көмекші" байланысқа шықпай қойған. Алданғанын түсінген әйел бірден полицияға хабарласқан. Күдіктінің бұрын сотталғаны анықталды.
Comments