Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

1736
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/fd274132-c238-45da-a48d-f78b2f2542c3.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен және оның Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңадан сайланған премьер-министрдің жауапты жұмысына табыс, Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.
Comments