Қытайда торнадо болып, 5 адам көз жұмды

2017
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_0689.jpeg
Қытайда жойқын торнадо салдарынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Аспан асты елінің Хэцзе қаласында жойқын торнадо соқты. Дауылды құйынның бейнесі әлеуметтік желілерде тарады. Ресми деректерге сүйенсек, құйыннан 5 адам қаза тауып, 80-нен астамы зардап шекті. Дауылдың бейнесі сенбі күні әлеуметтік желілерде тарады. Синхуа агенттігі ақпарат таратты. "Алдын ала статистикаға сәйкес, торнадо жалпы 2 820 ғимарат пен 48 электр желісіне зақым келтірді. Сонымен қатар 4060 гектарға жуық ауылшаруашылық алқаптары элементтердің таралуынан зардап шекті", - делінген портал ақпаратында.
Comments