БҚО-да ер адам туысын өлтірді деген күдікпен ұсталды

1731
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/kisen-960x500.jpeg?token=44ca03ed889b9d307328ba34a05c36c6
БҚО тұрғыны адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Мой город”-қа сілтеп.

Ер адам туысын өлтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынды. Қазір ол сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қамауда болады.

Қандықол қылмыс 3 шілде күні БҚО-ның Ақсай қаласында болды. Түнгі уақыт шамасында зорлық-зомбылық белгілері бар 22 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Кейіннен Бөрлі ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Ақсайдың 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті бұл әрекетін мойындаған.
Comments