Алматыда кәуәпхана өртеніп кетті. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Құтқарушылар өртті сөндірді.
"Бүгін таңертең Бостандық ауданындағы мейрамхана аумағында 30 шаршы метр жерде жеке тұрған кәуәпхана жанып кетті", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ күштері жақын орналасқан нысандарға өрттің таралу қаупін қысқа уақыт ішінде жойды. От шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде ауыздықталды.
"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival