Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сонымен қатар, "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" және "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" заңдарға өзгерістер енгізіледі.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңға Қазақстан аумағында асыл тұқымды малды ұстауға жұмсалған шығындарды өтеу тетіктері енгізіледі. Бұл осы саладағы асыл тұқымды жылқыларды өсіруді ынталандыру мақсатында жасалып отыр.
Енді асыл тұқымды жануарларға тұқым стандартына сәйкес келетін және заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген таза тұқымды жануарлар жатқызылады.
Related news
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)
Lavrov's hopes were not fulfilled. Tajikistan openly said that there was no way to the Eurasian Economic Union