Еуро-түрме. Ұлыбританияда мыңдаған сотталушы мерзімнен бұрын бостандыққа шығады

1922
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/temirtor-960x500.jpg?token=0b233cbc2c6e0ea672f62fefe061064b
Ұлыбританияда сотталушылардың жалпы саны 87 500-ден асқан. Қылмыскерлер елдегі түрмелерге сыймай жатқаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Euronews мәліметінше, Ұлыбританияның әділет министрі Шабана Махмуд толып кеткен түрмелерді босату үшін мыңдаған сотталушыны бостандыққа шығару жоспарын жариялады. Елдегі сотталушылар саны пандемиядан кейін күрт өскен. Министрлік мәліметінше, тұтқындар жазасының 40 пайызын өтегеннен кейін мерзімінен бұрын босатылуға құқығы бар.
Comments