АҚШ президенті Джо Байден президенттікке кандидат Дональд Трамптқа жасалған қастандық әрекетіне байланысты Америка халқына үндеу жасады. Ол америкалықтарды саясаттағы зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды. Бұл туралы ВВС жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
«Біз саясатымызда температураны төмендетуіміз керек. Мұндай зорлық-зомбылықтың нормаға айналуына жол берілмеуі тиіс. Еліміздегі саяси риторика өте қыза түсті. Оны салқындататын уақыт келді. Мұны істеу – бәріміздің жауапкершілігіміз», - деді Байден.
Сондай-ақ, ол саясат «бейбіт пікірталас алаңы» болуы керек екенін және зорлық-зомбылық ешқашан жауап бола алмайтынын айтты. Президент Трампқа тезірек сауығып кетуін тілеп, митингі кезінде оның отбасы мүшелерін оқтан қорғаған 50 жастағы Кори Комператорені батыр деп атады.
Айта кетсек, бұл - Байденнің президенттік кезеңдегі Сопақша кабинеттен жасаған үшінші үндеуі. Мұндай сөз сөйлеу салыстырмалы түрде сирек өтіп, әдетте ең маңызды оқиғаларға арналады. Байден бұған дейінгі үндеуін өткен жылдың қазан айында ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін жасаған.
Бұған дейін ол 2023 жылдың маусымында АҚШ Конгресінен америкалық қарыз шегін ұлғайтуға рұқсат беруді талап ету үшін ұлтқа үндеу жасады.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды акциясы кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалған болатын.
Сенбі күні бұрынғы президент Дональд Трампты өлтірмек болған адамның 20 жастағы Томас Мэттью Крукс екені анықталды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ саясаткері Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді.Related news
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)