Елімізде орташа зейнетақы көлемі төмендеді

3112
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/k-azak-standag-y-en-zhog-ary-zeynetak-y-molsheri-belgili-boldy_1696661430-960x500.jpg?token=0b10d37a77af2ca265ded3caa1ff5702
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлердің орташа зейнетақы көлемі азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 1 трлн 861,7 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген.
"2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 млн 391 мың адам. Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге", – деп толықтырды ведомство.
2024 жылғы 1 маусымында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құраған болатын.
Comments