Ыстықкөлде қазақстандықты катер басып кетті

2327
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/kater.jpg
Қырғызстанда демалып жүрген қазақстандық азаматты катер басып, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24kg-ға сілтеп. Бұл туралы Ыстықкөл облысының ІІБ хабарлады. Қайғылы оқиға 15 шілдеде Қараой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында болған.
“Факт тіркеліп, тергеуге дейінгі іс-шаралар басталды. Қайықтың иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Су көлігін 18 жастағы жігіт басқарған. 16 шілдеде жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Comments