Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева БАҚ өкілдерін іс-шараларға тіркеудің жаңа тәртібіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Жалпы аталған құжат жобасы қолданыстағы ережелермен салыстырғанда аса көп өзгермеген. Мысалы, аккредиттеуден бас тарту негіздері туралы ережелерге тоқталсақ. Бұл БАҚ-тың жұмыс істеуін уақытша тоқтату немесе мүлдем жабу және ресми реестрде тіркелмегені туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда іске асады», - деп жазды Аида Балаева.
Одан әрі министр журналисттер арасында ең көп сұрақ тудырған жаңа ереженің 10-тармағына, атап айтқанда БАҚ өкілдері сақтауы тиіс талаптарға тоқталды.
Біріншіден, кез келген журналист қай БАҚ атынан аккредитациядан өтсе, сол редакцияға ғана ақпаратты жинап, жариялай алады. Алайда журналистке бірден бірнеше БАҚ атынан аккредитация алуға ешкім тыйым салмайды.
Екіншіден, бұл талап белгілі бір оқиғаға/іс-шараға қатысты журналистердің жеке пікірлері мен ұстанымдарын әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларына білдіруге қатысы жоқ.
Үшіншіден, регламент мәселесіне келетін болсақ, қолданыстағы ережелерде қазірдің өзінде іс-шараға қатысушылардың тақырыпты, уақытRelated news
«Қорытындылай келе, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мен журналистердің мәртебесін арттыру – әрқашан министрлік қызметінің басты басымдығы екенін тағы да жеткізгім келеді», - дейді Аида Балаева.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 19 маусымда «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды.