Бұрынғы Ішкі істерминистрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі Астана сотына жіберілді. Бұл туралы бүгін, 19 шілде Астана қалалық соты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, экс-министр Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ауыр зардаптарға әкеп соққан (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі) өкілеттігін және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталуда.
Қылмыстық істе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер бар екенін ескере отырып, сот жабық режимде өтуі мүмкін.
Еске сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев 2019 жылдың ақпанында Ішкі істер министрі болып тағайындалып, 2022 жылдың ақпанындағы Қанды қаңтардан кейін қызметінен кеткен болатын. Осыдан кейін ол президенттің кеңесшісі болды және 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.
The 100th anniversary of Berdibek Sokpakbaev and Nurgisa Tilendiev will be celebrated at the level of UNESCO
AYAKOZ KHANETOVA: The idea of issuing a common reserve currency for BRICS was mentioned. If Russia was not under sanctions, would it have remained an idea on paper...
"People who live in the village are not needed": The governor of Zhambyl district expressed his opinion about the people of the village
