24 жылдық жазаның басы. Тергеу изоляторында отырған Бишімбаев колонияға жеткізілді

1452
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/bishimbaev-sotta-960x500.jpg?token=936cc112190e5087263d32b4a8150a32
Экс-министр Қуандық Бишімбаев колонияға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.
"Сотталушы сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88 - бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Кодекске сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді.
Comments