Ішкі істер министрлігі екі қазақстандыққа іздеу жариялады

1776
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6078.jpeg
Ішкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ ұрлық жасады деген күдіктілердің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қылмыстық топтың аса ірі көлемде жасаған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі) төмендегі азаматтардың іздеуде екені хабарланды: 1. Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған; 2. Чижевский Андрей Александрович, 1987 жылы 29 қарашада туған, Қостанай облысының тумасы. Іздеудегі адамдардың жүрген жері туралы ақпарат болса, қазақстандықтардан Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефонына хабарлауды сұраймыз.
Comments