Қамауға алынған бас имамның жақтастары Президентке үндеу жолдады

2001
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7304-960x500.jpeg?token=721c5e94c7fd38dea843ad6965207933
Қостанай облысында мас күйінде көлік жүргізіп, дау тудырған имамның жақтаушылары Президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп. 25 шілде күні мас күйінле рөлге отырып, ұсталған имам 15 тәуілікке қамауға алынған болатын. Полиция дерегінше, имам алкоголь ішкенін анықтаған. Алайда қамауға алынған имамның жақтастары бір облыстың имамы сыра ішті дегенге сенбейді.
"Бізге видеомен дәлелдер көрсетсін, бұл мұсылмандарға әдейі жасалған қастандық, егер бұл мәселе осылай қалатын болса Ақордаға дейін барамыз", - деп үндеді имамның жақтаушылары.
Қостанай облысының бас имамы түнгі клубтың маңында мас күйінде көлік айдағаны үшін ұсталып 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік. 
Comments