Париж Олимпиадасында Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле нысана көздеуден финалға өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Александра Ле 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңінде 6-орын алды. Финалға алғашқы сегіз спортшы өтті.
Ал екінші спортшымыз Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орын алды.
Аралық нәтиже бойынша бірінші орында – кореялық Хьеджин Бан. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты.
Финал 29 шілдеде өтеді.
Кеше Александра Ле ел қоржынына қола салған еді.
Related news
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country