Париж Олимпиадасы: Команда капитаны қарсыласынан жеңілді

2022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/whatsapp-image-2024-07-28-at-22.21.31.jpeg
Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында бокстан алғашқы жекпе-жегін өткізген команда капитаны Асланбек Шымбергенов жеңіліп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
71 келіген дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін нигериялық Зейяд Ишаишпен өткізген еді. Алайда спортшы қарсыласына жол беріп, жарыс жолын аяқтады. Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды. Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті.
Comments