Пхукетке демалу үшін барған 57 жастағы қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri Travel-ге сілтеме жасап.
Таиландтық БАҚ қазақстандықтың алғашқы демалыс күнінде суға батып кеткенін хабарлады. Қайғылы оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған.
Полиция мәліметінше, турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге барған. Кейіннен сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен шетел азаматының қайтыс болғаны туралы хабар түскен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам - қазақстандық екенін растап отыр. Алайда азаматтың жеке басына қатысты өзге ақпараттар жарияланбады.
Related news
For the first time in the 2nd century. Wild horses were delivered to Kazakhstan from the Czech Republic
A trial has begun in Almaty against those who killed mentally ill people and appropriated their property
