Демеу Жадыраев ширек финалда әлем чемпионын жықты

1870
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_3531.jpeg
Грек-рим күресінен ел спортшысы қарсыласын құлатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ұлттық құрама палуаны Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты 3-1 есебімен жеңді. Ол қырғызстандық қарсыласын көтеріп алып, кілемшеге айналдыра лақтырды. Енді жартылай финалда отандасымыз Әзірбайжан өкілімен белдесуі мүмкін.
Comments