Париж Олимпиадасында күміс медель иеленген грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраевқа "Жетісу облысының құрметті азаматы" төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ал оның анасы Күлипа Бижановаға облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін сыйға тартты.

Сонымен қатар, әкімдік хабарламасында жазылғандай балуанның бірінші жаттықтырушысы Жұмахан Тұрғамбеков пен жеке жаттықтырушы Боранбек Қоңыратовқа ақшалай сыйлықтар табысталған.
Related news
A scientific and practical conference dedicated to the 280th anniversary of Syrym Datuly was held in Orals