Түркияда жас жігіт ойын ықпалына еріп, мешіттегі адамдарға шабуыл жасады

1815
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/whatsapp-image-2024-08-13-at-22.14.31-1.jpeg
Түркияның Эскишехир қаласында 18 жастағы адамның мешітке пышақ пен балтамен шабуыл жасағаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғана агенттігіне сілтеп.
Ол қаладағы мешіттердің біріне бас сүйегі бейнеленген маска және нацистік 3-ші СС "өлі бас" танк дивизиясының шевронымен шабуылдапты.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, шабуыл салдарынан бір адам көз жұмған. Одан бөлек, жеті адам жарақаттаныпты. Ол, сондай-ақ, өзінің қылмыстық әрекетін әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен. Алдын ала ақпаратта түрік тұтқыны әскери сипаттағы "компьютерлік ойындардың ықпалында болғаны" айтылуда. Еске сала кетейік, 2023 жылдың 13 ақпан күні Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған болатын. Мектеп әкімшілігі баланың  психиатриялық есепте тұратынын мәлімдеген. 
Comments